Павлодарда ер адам қыз баланы аулада ұрған. Оқиға Айманов көшесінде болған, деп хабарлайды Paryz.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Әйел адам әлеуметтік желіде сіңлісін мас ер адамның балалар алаңында ұрғанын жазған. Зардап шеккке жеткіншектің жасы 12-де.
«Қыздың бет-аузы көгеріп кеткен. Оны арашалап алған көршілердің айтуынша, басынан ұрған. Басқа да балаларды қорқытқан», – дейді жазба авторы.
Облыстық полиция департаментінде аталған факт 26 сәуір күні тіркелгенін хабарлады.
«Оқиға орнына полиция басқармасы Солтүстік бөлімінің учаскелік инспекторы шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деді департаментте.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, өткен тәулікте 2011 жылы туған қыз бала «жұмсақ тіндердің жарақаты» диагнозымен ауруханаға түскен.