Ақтөбеде жеке үйлердің бірі өртке оранып, ішінен 2 баланың денесі табылды, деп хабарлайды Paryz.kz Ақтөбе қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
21 сәуір күні сағат 04:08-де 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Жангелдина көшесінде жеке тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Өртті сөндіруге жеке құрамнан 16 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды. Шақырту орнына өрт сөндірушілер барған кезде жеке үйдің ас бөлмесі және кіре беріс бөлмесі өртеніп шатырға ауысқаны анықталды. Өрт кезінде 2 баланың денесі табылды. 1954 жылы туған әйел адам жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға кезінде тұрғын үйде 5 адам болған оның ішінде 2 бала. Тілсіз жау сағат 04:41-де оқшауланып, 04:49-да сөндірілді», - делінегн хабарламада.
Қызыл жалын 40 шаршы метрді ауданды шарпыған, қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.