Риддер әкімі Дмитрий Горковой қайтыс болды, - деп хабарлайды Paryz.kz Риддер қалалық порталына сілтеме жасап.
"Бүгін қаламыздың әкімі Горьков Дмитрий Анатольевич мезгілсіз дүниеден өтті. Оның жүрегі тоқтап, ауруханада көз жұмғаны белгілі болды", - деп хабарлайды басылым.
Еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде бастады.
2015-2020 жылдар аралығында Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Риддер қаласының әкімі лауазымына 2020 жылдың қыркүйек айында тағайындалған.