Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Түркістан облысында "90-жылдардағыдай төбелес" болды (ВИДЕО)

Салдарынан бұрын бірнеше рет сотталған, соның ішінде қарақшылық үшін айыпталған жәбірленуші ауруханаға көмек сұрап жүгінген, ал күдіктілер көлікпен қашып кеткен.

Түркістан облысында "90-жылдардағыдай төбелес" болды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Түркістан облысында ер кісіге бір топ адам шабуыл жасады. Камераға көлік жанында тұрған ер адам түсіп қалған, деп хабарлады paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Үш-төрт адамнан тұратын жастар сұр көліктен түсіп, далада тұрған ер адамға шабуыл жасайды. Видеодан солардың бірінің оқ атқаны көрінеді. Желіде оған "90-жылдардағыдай төбелес" деген баға берілген. 

Бұл оқиға Түркістан облысында 17 желтоқсанда болыпты. 

"17 желтоқсан күні сағат 22:15-те Сарыағаш аудандық ПБ-ге аудандық ауруханадан дене жарақаттары бар ер адамның жеткізілгені жайлы хабарлама келіп түсті. Дәрігерлер зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетті. Аталған дерек Сарыағаш аудандық ПБ-нің СДТБТ-не 293-баптың 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша тіркелді", - деп хабарлады Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақпарат алғаннан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол бойындағы дәмханалардың бірінде келушілер арасында сөзге келіспеушілік туындап, ол төбелеске ұласқан.

Салдарынан бұрын бірнеше рет сотталған, соның ішінде қарақшылық үшін айыпталған жәбірленуші ауруханаға көмек сұрап жүгінген, ал күдіктілер көлікпен қашып кеткен.

"Сол күні полиция күдіктілердің жеке басын анықтады. Түркістан облысының Полиция департаментінде оларды ұстауға бағытталған тәжірибелі жедел қызметкерлер қатарынан жедел топ құрылды", - деп хабарлады Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі.