Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Семейдегі мектеп-интернатта 13 жастағы оқушы қайтыс болды

Семейдегі мектеп-интернатта түскі ас кезінде 13 жастағы оқушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Семейдегі мектеп-интернатта 13 жастағы оқушы қайтыс болды
фото: tengrinews.kz

Қайғылы оқиға бірнеше күн бұрын болған. Әлеуметтік желілерде интернатта 13 жастағы оқушының қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.

Абай облысының білім басқармасы жағдайға қатысты пікір білдіріп, 7 сәуірде болған оқиғаның мән-жайын айтты.

"2010 жылы туылған кәмелетке толмаған оқушы түскі ас кезінде есін жоғалтқан. Дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылды. Алайда бала жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Интернатқа ол Семей қаласының 2016 жылғы 13 қаңтардағы "жеңіл ақыл-ой кемістігі" диагнозымен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы негізінде қабылданды", - деп хабарлады облыстың білім басқармасы.

Ресми мәлімет бойынша, бала дүйсенбіден жұмаға дейін арнайы мектеп-интернатта тұрып, білім алған, демалыс күндері ата-анасы оны үйіне алып кететін болған.

Медициналық тексерудің қорытындысымен тыныс алу жолдарының тамақ массаларымен жабылуына байланысты механикалық асфиксия анықталды.

Полиция соталды тергеуді бастады.