Ақтөбе облысында екі көліктің бетпе-бет соқтығысуынан екі адам көз жұмып, үш адам ауруханаға түсті. Paryz.kz бұл туралы Рolisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Жаңажол-Сарыкөл автожолында (Сарыкөл ауылынан 4 км қашықтықта) болған. Lada Priora автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, 68 жастағы жүргізуші отырған Renault Daster автокөлігімен соқтығысты.
Жол-көлік апаты салдарынан Lada жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Екінші көліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан Кеңқияқ ауылы ауруханасының қабылдау бөлімінде көз жұмды.
Lada-да болған бір жолаушы мен Duster көлігіндегі үш жолаушы (екеуі кәмелетке толмағандар) Кеңқияқ ауылының ауруханасына жатқызылды.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.