Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Балқаш көлінде екі балықшы суға батып кетті

Қарағанды облысы Сарышаған кентінің екі тұрғыны Балқаш көліне батып кетті. 35 және 58 жастағы ер адамдар балық аулауға шыққан. Алайда құтқарушылар олардың қайығын таппады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Балқаш көлінде екі балықшы суға батып кетті
фото: inform.kz

Ер адамдар қайықпен балық аулауға шығып, байланысқа шықпай хабарсыз кеткен. Құтқарушыларға балықшылардың жоғалғанын туыстары хабарлаған.

Жоғалғандарды іздеуге Приозерск қаласынан құтқарушылар аттанды. Іздеу жұмысына жергілікті тұрғындар да атсалысты.

Жағалау белдеуі қаралып, құтқарушылар көлдің түбіне бірнеше рет сүңгіген.

«Жағадан шамамен екі шақырым жерде ТЖД іздеу тобы екі ер адамның денесін тапты. Біз қайықты таппадық. Өлімнің мән-жайын полиция органдары анықтайды. Сот сараптамасы тағайындалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Аймақтың құтқарушылары балықшыларға балық аулау алдында қайықтың жағдайын мұқият тексеріп, әр адамға құтқару шеңбері, белбеу немесе көкірекше болуы керектігін еске салады.

«Дауылды ауа райында және тәуліктің қараңғы уақытында суға шығуға тыйым салынады. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін балық аулағанда жағадан алыс кетпеңіздер»,-деп толықтырды ТЖД баспасөз қызметі.

Өткен жылдың осы кезеңінде бір балықшы суға батып кеткен. Жалпы өткен жылы 16 адам, оның ішінде 6 бала қаза тапты.