Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алматы облысында 2 сынып оқушысын 5-сыныптың ұлдары зорлаған

Алматы облысында 2-сынып оқушысына жоғары сыныптың оқушылары зорлық әрекеттерін жасаған, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматы облысында 2 сынып оқушысын 5-сыныптың ұлдары зорлаған
Фото: 24.kz

ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, 23 наурызда Жамбыл ауданының полиция бөліміне Қасымбек ауылының тұрғыны арызданған.

«Ол өзінің арызында сол күні сағат 16:00 шамасында 2015 жылғы кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын хабарлады. Арызданушының айтуынша, 2011 және 2008 жылғы екі жасөспірім ауылдың шетінде, өз жастарынан әлдеқайда кіші баланы қорлаған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша оқиға қатысушыларының бірінің әкесіне, оқиғаның негізгі қатысушысы – 2011 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі негізінде әкімшілік іс қозғалды.

«Бұдан өзге, тиісті материалдар 27 наурызда осы жасөспірімді мамандандырылған мектепке анықтау туралы мәселені қарау үшін уәкілетті органға жіберілді», - делінген хабарламада.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.