Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Ақтөбеде айуандықпен өлтірілген әйел мен оның ұлына қатысты жаңа дерек шықты

Ақтөбеде болған қылмыстық істің жаңа бір дерегі анықталды. «Диапазон» басылымының жазуынша, оқиға қаладағы Жилгородок (Тұрғындар қалашығы) ауданында болған.

Ақтөбеде айуандықпен өлтірілген әйел мен оның ұлына қатысты жаңа дерек шықты
Фото: diapazon.kz

«Бұл үйде отбасы шамамен 5-6 жылдан бері тұрып келген. Көршілері әйел мен оның балалары әрдайым сабырлы болғанын, ешкіммен жанжалдаспағанын айтады», – деп жазады басылым.

Еске салайық, 29 наурызда таңертең Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы әйел мен 16 жастағы ер баланың мәйіті табылған болатын. Марқұм әйелдің ауыр жарақаттан қансыраған 13 жастағы қызы ауруханаға жеткізілген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қыз жансақтау бөлімінде жатыр, оған ота жасалған.