Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Мандатын алуға барған су жаңа депутат Берденов журналистерден тұра қашты

Respublica партиясынан Мәжіліске депутат болған кәсіпкер Руслан Берденов БАҚ өкілдерін көрген бойда қаша жөнелді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Мандатын алуға барған су жаңа депутат Берденов журналистерден тұра қашты
Фото: видеодан скриншот

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Мәжіліске өткендерге депутаттық мандат үлестіріліп жатыр. Өз мандатын алуға барған су жаңа мәжілісмен Руслан Берденов ғимарат алдында тұрған журналистердің сұрағына жауап беруге құлық танытпай, безе жөнелді. Алайда оның өзге әріптестері жаңа қызметтеріне кірісіп үлгермесе де, тілшілермен тілдесуге ықылас танытып, бірер сауалға жауап берді.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жаңа құрамы толық жасақталды.

19 наурыздағы сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың 8,59% дауысын жинаған Respublica партиясынан Парламенттің төменгі палатасына 6 адам өтті:

Айдарбек Қожаназаров
Динара Шүкіжанова
Динара Наумова
Руслан Берденов
Нұргүл Тау
Олжас Кұспеков