Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Қостанай облысында әйел адам вагон ішінде өртеніп кетті

Бұған дейін ол ұйымда аспаз болып жұмыс істеген.

Қостанай облысында әйел адам вагон ішінде өртеніп кетті
фото: дереккөз

20 желтоқсанда таңғы сағат 5 шамасында Арқалық-Торғай тасжолын жөндеумен айналысатын жол ұйымына тиесілі екі жеке контейнер типтегі вагоннан өрт шықты. Оқиға салдарынан бір әйел қайтыс болды, деп хабарлады paryz.kz, Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің хабарлауынша, өрт шағын вагонның ішінен төсек жанында басталып, 25 шаршы метрді шарпыған. Бұл оқиға салдарынан 53 жастағы әйел қаза тапты. Бұған дейін ол ұйымда аспаз болып жұмыс істеген. Мамандар сымдағы қысқа тұйықталудан болған жағдайды ықтимал себеп ретінде атап отыр.

Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды. Атап айтқанда, электр желілерінің саулығын қадағалаңыз, қолдан жасалған жылытқыштарды пайдаланбаңыз, тұрмыстық техниканы қалдырмаңыз, төсекте темекі шекпеңіз және т.б.