Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Түркістан облысында 4 жасар қыздың денесі өзеннен табылды

Түркістан облысында Арыс өзеніне батып кеткен төрт жасар қыздың денесі табылды. Құтқарушылар бүлдіршіннің денесін бүгін түстен кейін тапқан, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Түркістан облысында 4 жасар қыздың денесі өзеннен табылды
Сурет: Nur.kz

17 наурыз күні Еңбек ауылында бір үйдің екі қызы өзен жағасынан өтіп бара жатқан. Сол кезде кішкентай 4 жасар қыз байқаусызда суға құлап, оны ағыс алып кетеді. Он күннен бері іздеу жұмыстары жүргізіліп, қыздың денесі бүгін табылды. Бүлдіршіннің өлі денесі Сайрам ауданына қарасты Арыс ауылынан табылған.

Айта кетелік, төрт жасар қызды іздеуге құтқарушылар, полицейлер мен еріктілер атсалысқан болатын. Бұдан бөлек бүгін Түркістанда 11 жасар қыздың жоғалып кеткені хабарланды.