Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Қызылорда облысында бір жасар бала кәріз құдығына құлап кетті

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек ауылында бір жасар бала кәріз құдығына түсіп кетіп мерт болды, - деп хабарлайды Paryz.kz, Alashainasy.kz-ке сілтеме жасап. 

Қызылорда облысында бір жасар бала кәріз құдығына құлап кетті
Сурет: Alashainasy.kz

"26 наурызда сағат 12:55-те Қызылорда облысы ТЖД-ның Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына Сырдария ауданы, Тереңөзек ауылы, М.Қозыбаев көшесі, 2-үй мекенжайында 2022 жылы туған бала кәріз құдығына түсіп, мерт болғаны туралы шұғыл хабар келіп түсті. Оқиға орнына төтеншеліктер аттанды" – деп мәлімдеді Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиғаның ересектердің қарауынсыз уақытта орын алғаны, сондай-ақ баланың денесін үйдегі адамдардың өзі алып шыққаны да нақтыланады.

Өңірлік ТЖД аталған жайтқа байланысты үндеу жасап, тұрғындардан балаларды бір минутке де қараусыз қалдырмауды, аула маңындағы кәріз құдықтарының бетін жауып жүруді сұрайды.