Шығыс Қазақстан облысында Наурыз мерекесі күні жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Бұл туралы Paryz.kz ақпарат агенттігі Халық үні сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Еріктілердің Instagram-да жариялаған мәліметінше, 1982 жылғы Досжан Қасынғалиев 21 наурыз күні жоғалып кеткен. Сағат шамамен 15:00-де ер адам Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмаған.
23 наурызда ер адамның мәйіті табылған. Еріктілер оқиғаның мән-жайын айтпады.