Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Түркістан облысында жоғалған аңшының мәйіті 10 күннен кейін табылды

Түркістан облысының полицейлері аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты, деп хабарлады Paryz.kz. 

Түркістан облысында жоғалған аңшының мәйіті 10 күннен кейін табылды
фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жоғалған аңшыны іздестіру жұмыстарына 100-ге жуық адам, соның ішінде полицейлер, сүңгуірлер, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары жұмылдырылған. Тұрғынды ертерек табу мақсатында тіпті дрон пайдаланылып, оның көмегімен әуеден бақылау шаралары атқарылды.

10 күннен соң жоғалған аңшының денесі бүгін, яғни 6 наурызда су бетінен табылып, жағаға шығарылды. Аталған жайт Бәйдібек аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 001-бабы «Адамның қайтыс болуы» бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Еске сала кетсек, бұған дейін 24 ақпанда Бәйдібек ауданының Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан Арыс өзенінде жергілікті тұрғынның жоғалып кетіп, іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.