Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Жетісу облысында цемент зауытын су басты

Жетісу облысының Сарыөзек ауылында ALACAM цемент зауытын су басты деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісу облысында цемент зауытын су басты
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде зауыт жұмысшыларының ағынды сумен арпалысып жатқан видеосы тарады. Цемент араласқан су біраз жерге жайылып, құнарлы жерлерді бүлдіріп кеткен. 

"5 наурызда ауа температурасының +15 с° дейін көтерілуінен қардың жылдам еруіне байланысты Жетісу облысы Кербұлақ ауданының Қызылжар ауылында ауылдың шығыс бөлігінде орналасқан егістіктерден еріген қар суы ағылды. Арық жүйесі тасқын су көлеміне төтеп бере алмай, су Шыныбек көшесін басып қалды, 4 аула аумағы су астында қалды”, – делінген хабарламада. 

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, су басу салдарынан зардап шеккендер жоқ.

“Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, су деңгейі төмендеді. Еріген су транзиттік режимде Байғазы өзеніне кетіп жатыр", – делінген ТЖД хабарламасында.