Павлодар облысында полицей өлі күйінде табылды. Учаскелік полицейдің денесі Мамайыт Омаров ауылындағы өз үйінің ауласындағы сарайдан табылды. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, қызметкер 23 ақпанда сағат 06:35-те қайтыс болды.
"Үйдің сарайынан учаскелік полиция инспекторының денесі табылды, ол асылып өлді", - деп хабарлады ведомство.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
"Бұл фактіге қатысты полиция 105-бап бойынша "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - деп хабарлады Полиция департаменті.