Жезқазғанда жол апатынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға бүгін, яғни 13 ақпанда болған.
«Палитра» дүкенінің маңында Mercedes Benz автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып кеткен. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Аталған дерек тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.