Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Алматыда жатақхананы өрт жалмады

Тілсіз жаудың қоймадан шыққаны белгілі болды.

Алматыда жатақхананы өрт жалмады
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласы Жетісу ауданының өрт сөндірушілері бөлмеден өздігінен шыға алмаған 48 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлады paryz.kz, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 желтоқсан күні жатақханадан өрт шыққан. Оқиға орнына құтқарушылар сағат 12:49-да жетті. Жатақхана жанып жатқан ғимараттың екінші және үшінші қабаттарында орналасқан. Тілсіз жаудың қоймадан шыққаны белгілі болды.

Тұрғындардың көбі үй-жайдан өз бетімен шыққан. Алайда, дәлізде температураның жоғары болуы мен қатты түтін шығуына байланысты, 48 жастағы ер адам аяғынан жарақат алып, ғимаратта қалып қойған.

"Құтқару қақпағының көмегімен өрт сөндірушілер ер адамды құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Өрттің таралуы 13:27-де 80 шаршы метр аумақты алған кезде тоқтатылды", - деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.