Шымкент қаласының Асар шағын ауданындағы ауруханасынан жасөспірімге көмек қажет екендігі туралы хабарлама «112» құтқару қызметіне келіп түскен, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары барып, жас баланың мұрнына домалақ темір сақина секілді бөгде зат кигізіп, шеше алмай отырғандығын анықтады. Құтқарушылар арнайы слесарлы құралдарды пайдаланып, сақинаны мұрнынан шешіп берді»,-деді Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.