Оралда 16 жастағы қыз жеке демалыс базасында сырғанау кезінде ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға 28 қаңтарда Свистун тауы аймағындағы жекеменшік демалыс орталығында болған.
"29 қаңтарда сағат 01:34-те облыстық балалар ауруханасына 2005 жылы туылған, кәмелетке толмаған қыз түсті. Ол 28 қаңтар сағат 22:00 шамасында Свистун тауында сырғанақ теуіп жүргенде ауыр жарақат алыпты. Жағдайы ауыр, іштің жабық жарақаты, бауырдың езілуі, оң жақтағы 5, 6, 7 қабырғасының сынуы секілді диагноз қойылды", - делінген хабарламада.