Елордада 5 қабатты әкімшілік ғимараттан өрт шықты.
«7 қыркүйек күні сағат 20.25-те Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» Өртке қарсы қызметіне Ш.Айманов, 24 мекенжайындағы өрт туралы хабар түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, 5 қабатты әкімшілік ғимараттың 3-қабатында өрт болып жатыр. Жалын жоғары қабаттарға ауысуда. Тілсіз жаудың таралуы сағат 21.14-те тоқтатылды. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД-ның 40 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылған. Жедел штаб құрылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.