Әлеуметтік желіде Алматыдағы ірі сауда орны орналасқан маңда ер адам сүйіктісін өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарап жатыр.
Полиция осы дерек бойынша тергеуді бастады, - деп хабарлайды Paryz.kz Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сараптамалар тағайындалған. Кісі өлтіру мен өз-өзін өлтіру дерегінің мән-жайы анықталып жатыр.