Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Павлодардағы мекемелердің бірінде жанжал туындап полицей оқ атқан

Павлодарда ІІМ қызметкерлері қаладағы мекемелердің біріне келушілермен жанжалдасып қалған, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Павлодардағы мекемелердің бірінде жанжал туындап полицей оқ атқан
фото: squibs.org

Полиция мәліметінше, 12 қаңтарда Павлодарда Суроганов көшесінің бойындағы мекемеге келушілер арасында жанжал туындап, оның барысында жанжалға қатысушылардың бірі – ҚР ІІМ оқу орталығының қызметкері газ тапаншасын қолданған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстай изоляторына қамалды.

Жанжалға қатысушылардың арасында бала күтіміне байланысты демалыста отырған Екібастұз қаласы ПБ қызметкері де бар – делінген ІІМ хабарламасында.