Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Елорда тұрғыны полицияға өзінің адам өлтіргенін хабарлаған

Астана тұрғыны өзінің адам өлтіргені жайында полицияға жалған ақпарат берген, деп хабарлады Paryz.kz.

Елорда тұрғыны полицияға өзінің адам өлтіргенін хабарлаған
Фото: socium.online

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 20.02-де «102» арнасына ер адам өзінің Талғар көшесіндегі дүкенде жас жігітке пышақ жарақатын салғанын хабарлаған. Сақшылардың жедел жетуін сұраған ол жараланған адамның ес-түссіз жатқанын, содан кейін қайтыс болғанын айтқан.

Полиция қызметкерлері аталған жерге жедел жеткен, бірақ мәйіт туралы хабарлама расталмаған. Дүкен сатушысы оларға ондай ештеңе болмағанын айтқан. Дүкеннен шыққаннан кейін патрульдік полицейлер өтініш берушінің нөмірін теріп хабарласқанда, қоңырауға жақын маңайдан жауап берген ер адамды байқайды. Тексеру барысында хабарламаны ер адамның мас күйінде жібергені анықталды.

Сондай-ақ қаланың 31 жастағы тұрғыны бұрын осыған ұқсас бұзушылық үшін жауапқа тартылған болып шықты. Бір жылдан аз уақыт бұрын учаскелік инспекторлар оны полиция бөліміне жеткізген. Ол кезде ер адам «102» арнасына қоңырау шалып, ғимаратқа бомба қойылғанын айтқан.

Ер адам қайталап бұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК 438-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 60 АЕК (207 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, оған мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.