Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қымбат тауарларды иемденбек болған жүргізуші жүк көлігін өртеп жіберген

Қымбат тауарды иемденгісі келген Ақтөбе тұрғыны жүк көлігін өртеп жіберген. Тауар иесі жүк көлігінде жалпы сомасы 146 миллион теңгелік электроника, телефонға керек-жарақтар, қуаттағыштар, пауэрбанктер, автомагнитолдар бар екенін айтқан, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

Қымбат тауарларды иемденбек болған жүргізуші жүк көлігін өртеп жіберген
фото: Polisia.kz

34 жастағы жүргізуші жалға алынған DAF көлігімен жүк тасымалдаумен айналысқан. Өткен жылдың соңында ол тауарларды Алматыдан тиеп алып, Мәскеуге жеткізбек болған.

Ақтөбе қаласына жеткен жүргізуші көлікке тиелген тауарды иемденбек ойымен оны өртеп жіберуді  жоспарлаған.

“3 қаңтарда күдікті Маржанбұлақ ауылында туысқанының үйіне тауардың шамамен 70 пайызын түсіріп, одан әрі Шымкент — Самара тас жолына шыққан. Содан ауылдан 40 шақырымдай қашықтықта фураның тіркемесінде қалған тауарды өртеп жіберген. Тауар иесі жүк көлігінде жалпы сомасы 146 миллион теңгелік электроника, телефонға керек-жарақтар, зарядтаулар, пауэрбанктер, автомагнитолдар бар екенін айтқан”, - делінген полиция ақпаратында. 

Қазір полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынды.