Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Жезқазғанда ер адам әйелімен жанжалдасып, көшеге жалаңаш шығып кеткен (ВИДЕО)

4 қаңтар күні қалалық полицияның ЖБО операторлары Момышұлы көшесі бойында жалаңаш жүрген ер адамды анықтады, деп хабарлады Полиция.

Фото: ашық дереккөз

Патрульдік полиция қызметкерлері 39 жастағы ер адамды ұстады. Құқық бұзушы бірге тұратын әйелімен өзара жанжалдан кейін көшеге жалаңаш шыққанын түсіндірді.

Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-тің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.