Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Павлодарда ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, 25 iPhone ұрлаған

Павлодарда ер адам сатушыны қорқытып, 25 қымбат телефон ұрлаған, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Павлодарда ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, 25 iPhone ұрлаған
Фото: tengrinews.kz

Павлодарда 22 желтоқсанда сағат 10:30 шамасында Қамзин көшесіндегі сауда үйлерінің бірінде орналасқан ұялы байланыс салонында белгісіз ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, қымбат 25 телефон және 305 мың теңгеден аса ақшалай қаражатты иемденген.

Полиция бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 192-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.