Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Қызылордада жүкті келіншек сауда үйінен құндыз тонды ұрлаған

5 желтоқсанда қызылордалық полицейлер ірі сауда үйлерінің бірінде құндыз тон ұрланғанын анықтады деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылордада жүкті келіншек сауда үйінен құндыз тонды ұрлаған
Фото: ашық дереккөз

Полиция қызметкерлері бұрын сотталған 28 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта тон иесіне қайтарылды.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті азаматша басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полицейлер оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайды», – делінген хабарламада.