Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Қызылордада мұз астынан ер адам өлі табылды

Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылордада мұз астынан ер адам өлі табылды
Фото: ашық дереккөз

Ведомство мәліметінше, 3 желтоқсанда Қызылорда қаласы ПБ "102" арнасына мұз астынан белгісіз адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Бұл дерек қалалық полицияның соталды тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелген. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер адамның мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу жалғасады.