Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.
Ұзақ мерзімді жедел іс-шаралардың нәтижесінде облыс прокуратурасымен бірлесіп, Жамбыл өңірінде аса ірі мөлшерде героин есірткі затын өткізумен айналысатын ұлтаралық қылмыстық топқа қатысты ауқымды арнайы операция жүргізілді , - деп хабарлайды Жамбыл облысының Полиция департаменті.
2022 жылғы 30 қарашада қылмыстық топтың алты қатысушысы бір мезгілде ұсталған. Тінту шаралары барысында ұсталғандардан 1,2 келіден астам героин есірткісі, сондай-ақ гашиш есірткі заты, кептірілген марихуана және синтетикалық есірткі тәркіленген. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта есірткі заттарының облыс аумағына түсу арналарын анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр.