Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Оқиға бүгін 11:00 шамасында Атырау қаласындағы Владимирский көшесі бойында орын алды.

Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
фото: aikyn.kz

Екінші дәрежелі жолдан шыққан Daewoo Nexia маркалы көлігі басты жолмен келе жатқан жедел жәрдем көлігіне жол бермей, соқтығысқан.

Салдарынан жедел жәрдем көлігінің жолаушысы дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

"Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда" делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.