Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

«Әйеліңіз қызғанып қалмай ма?»: Таксишіге қылмыңдаған қыз жұрттың ашуына тиді

Әлеуметтік желіде такси жүргізушісіне қылмыңдаған қыздың видеосы тарады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап 

«Әйеліңіз қызғанып қалмай ма?»: Таксишіге қылмыңдаған қыз жұрттың ашуына тиді
Фото: видеодан скриншот

Бейнежазба Facebook әлеуметтік желісінде тарады. Онда бойжеткен такси жүргізушісін әңгімеге тартады.

Көлік ішінде отырған қыз көңілді. Жүргізушіні әңгімеге тартып отыр. "Ағай жас көрінесіз, қай жылғысыз ? Үйленгенсіз бе?" деп сұрайды. Оған жүргізуші үйленгенін, екі баласы бар екенін айтады.

Мен сізбен танысамын ба деп ойлап отырсам. Әйеліңіз қызғанып, басқаша түсініп қалмай ма? Сізбен танысып, әрі қарай қарым-қатынас құрсам ба деген ойым бар еді, — дейді қыз күліп.


Жүргізуші де танысуға қарсы емес екенін, бірақ бәбішесі бар екенін айтады. Осылайша таксишініәңгімеге тартқан қыз оған ән айтып беретінін, алайда жолақысын төлемейтінін айтады.

Жас қыздың бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларына ұнамай қалған тәрізді. Бірі осындай қыздар отбасын бұзатынын айтса, енді бірі "Бір нәрсені қатырдым деп отыр ғой жарты бас қатын.", "Есің дұрыс емес", "Өзі ырбаңдап отырса еркек не істемейді? Әр мінген сайын жол ақысын бермей, бір күні қайда қалғанын білмейді" деп жазған желідегі жұрт.