Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Жуынатын бөлмеде тайып құлады»: Шымкентте әйелін неке түнінде өлтірді деп айыпталған ер адамның ісі сотқа жіберілді

Шымкентте неке түнінде әйелін өлтірді деп айыпталған ер адамның ісі сотқа жіберілді. Алайда күдіктінің туыстары тағылған айыптардың жалған екенін айтады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

«Жуынатын бөлмеде тайып құлады»: Шымкентте әйелін неке түнінде өлтірді деп айыпталған ер адамның ісі сотқа жіберілді
Фото: ашық дереккөз

Ер адамның туыстары әйелдің жуынатын бөлмеде тайып құлап, басын соғып алғанын алға тартты. Өліміне де осы себеп болған. Ал 38 жастағы күйеуінің еш қатысы жоқ. Сонымен қатар марқұмның отбасына екі бөлмелі пәтер беруді ұсынғанын және мәселені шенеуніктер арқылы шешіп қойғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды.

"Олар біз жақтан туысымыздың ағасы барып, министрлік арқылы мәселені шешкенін жеткізіп, үндемеуі үшін екі бөлмелі пәтер ұсынды деді. Мұның барлығы өтірік", – деді күдіктінің ағасы Жұмабай Жаналиев.

Ал марқұмның анасы қызының өліміне күйеуі кінәлі дейді. Әрі қылмыстық істі "Абайсызда кісі өлтіру" бабымен қарастырылғанына үзілді-кесілді қарсы.

"Біз екі бөлмелі пәтер береміз, шенеуніктермен келісіп қойдық" деді. Алайда қызымның мәйітін жуғандар білегінде көгерген іздер болғанын айтты. Аяғы тілінген, еріні ішінен жырылған", – деді марқұмның анасы Рая Налтаева. 

Айта кетейік, Шымкентте Назарбаев мектебінде жұмыс істейтін 32 жастағы әйел неке түні күйеуінің қолынан көз жұмған еді.