Аймақ тұрғындары ер адамның қатыгездігін сынға алып, жергілікті биліктен оны қатаң жауапкершілікке тартуды талап етті.
Instagram желісінде біреудің көлікке байланған итті жол бойымен сүйреп бара жатқаны түсірілген видео тарады. Желі қолданушылар оның бұл әрекетіне наразылық танытты, деп хабарлады paryz.kz.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға Алматы облысының Есік қаласында болған. Аймақ тұрғындары ер адамның қатыгездігін сынға алып, жергілікті биліктен оны қатаң жауапкершілікке тартуды талап етті.