Қазақстандықтарға тіл тигізген Қарағанды қаласының тұрғыны алауыздықты қоздыру күдігі бойынша ұсталды. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адам қазақстандықтар мен ел басшылығына қатысты тіл тигізген. Сонымен қатар, Владимир Путин бастаған Ресейдің әрекеттеріне қолдау білдіретіні туралы айтқан.