Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Хромтауда газ баллоны жарылып, бір адам қайтыс болды

Жәбірленушіге жоғарғы тыныс жолдарының жалынымен күйік диагнозы қойылған.

Хромтауда газ баллоны жарылып, бір адам қайтыс болды
Фото: ашық дереккөз

Қараша айының ортасында Ақтөбе облысының Хромтау қаласындағы тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлады paryz.kz.

Жарылыстан зардап шеккен 9 адам ауруханаға жеткізілді. Бүгін  жараланғандардың біреуі қайтыс болды деп хабарланды. Марқұм 57 жастағы ер адам болған.

Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы басылымға хабарлады. Ауруханаға түскен кезде оның денесінің 80% күйік шалған. Жәбірленушіге жоғарғы тыныс жолдарының жалынымен күйік диагнозы қойылған.

Ер адам алдымен көліктері жарылып кетпес үшін үйден шығарып тастаған. Сосын отбасы мүшелерін шығармақ болып қайта үйге кірген. Ол кезде үйдегі адамдар тысқа шығып үлгерген. Алайда марқұм мұны көрмей қалып үйге қайта кірген. Сол мезетте от денесін шарпыған.