Сатпаев қаласында күндіз белгісіз біреу жас жігітті атты. Оқтан жараланған жігіт ауруханаға шұғыл жеткізілді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.
"Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 24-99 - "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұлға анықталды. Қазіргі уақытта оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде, деді
Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметі.
Зардап шеккен адам оқ жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді.