Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Ақтөбе облысында елік атып жүргендер тұтылды (ВИДЕО)

Қазақстанда 18-20 мың елік бар. Оларды аулауға тек лицензия бойынша рұқсат беріледі.

Ақтөбе облысында елік атып жүргендер тұтылды (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысында ҰҚК қызметкерлері браконьерлерді қолға түсірді, деп хабарлады paryz.kz, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК дерегінше, 27 қараша күні Ақтөбе облысындағы "Жамбыл" шекара бөлімшесінің учаскесіне заңсыз түрде елік атумен айналысқан бірнеше адам ұстап әкелінген.

Ресми хабарламада "24 қарашада Т. есімді ер адамның достарын, Ақтөбе тұрғындарын аң аулауға шақырғаны анықталды. Бір топ адам 3 автокөлікпен жүріп, 6 елікті атқан. Көлікті тексеру кезінде елік терісі мен 8 қару табылды", - делінген.

ҰҚК қызметінің өкілдері түсірген видеода браконьерлердің қалай ұсталған сәті бар. Сонымен қатар, видеодан атылған еліктерді де байқауға болады. 

"Ұсталғандар Әйтеке би аудандық полиция бөлімшесіне тапсырылды. Қазақстанда 18-20 мың елік бар. Оларды аулауға тек лицензия бойынша рұқсат беріледі. Ұрғашы еліктер әдетте 9 айдан кейін екі құралай туады. Олар 12 жылға дейін өмір сүреді. Өтінемін, табиғатымызды қорғайық!" - деді ҰҚК баспасөз қызметкері.