Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Келінімізді өлтірді»: Атырауда бір күнде екі жүкті әйел көз жұмды

Атырауда бір күнде ауруханада екі жүкті әйел ауруханада қайтыс болды. Екеуі де – Мақат ауданының тұрғындары. 

«Келінімізді өлтірді»: Атырауда бір күнде екі жүкті әйел көз жұмды
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев арнайы өткізілген мәлім етті.

Атырау облысында 12 қазанда екі ана өлімі тіркелді. Оның бірі – Атырау облыстық ауруханасында, екіншісі – Мақат ауданында. Бүкіл реанимациялық іс-шараға қарамастан дәрігерлер жүкті әйелдерді құтқарып қала алмады, - деді Асхан Байдуәалиев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Садуованың айтуынша, көз жұмған жүкті әйелдің бірі – 33, екіншісі – 34 жаста.

Екеуінің де артында балалары қалды. Екеуі де Мақат ауданының тұрғындары болған.

Екі өлім де жүкті әйелдердің денсаулығы нашарлауынан болған. Жүкті әйелдердің өлімінің болжамды себебі ретінде септикалық шок, вирустық-бактериялық генезис, септикалық пневмония болуы мүмкін екені қарастырылып отыр. Түпкілікті себептер қызметтік тексеру, патология-анатомиялық аутопсия нәтижесінен кейін нақтыланады, - деді Жанар Садуова.

Басқарма басшысының дерегіне сүйенсек, былтыр Атырау облысында 21 жүкті әйел көз жұмған. Оның ішінде 16 әйел коронавирус инфекциясынан қайтыс болған.

Алайда бірінші қайтыс болған науқастың туыстары дәрігерлердің уәжімен келіспейді. Олардың айтуларынша, науқасты аурухана төсегінде қараусыз қалған.

«Келініміз қараусыз қалды. Ол тамағын ішіп, жақсы жағдайда барды. Бірақ келесі күні сөйлеуге шамасы келмей қалды. Тіпті дәретін ешкім жумаған. Тек шу көтергеннен кейін ғана дәрігерлер қимылдады. Бірақ кеш болды. Келінімізді өлтірді. Әрине, біз соңына дейін барамыз», – дейді өлген әйелдің туыстары.

Ал, биылғы 9 айда 5 ана өлімі тіркелген. Ал, 1 қазанда бір, 12 қазанда екі жүкті әйел қайтыс болғаны тіркеліп отыр.