Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қостанай облысындағы 3 қаңғыбастың өліміне 14 жастағы жасөспірімдердің қатысы бар

Сотталушы Ч. есімді азамат 2019 жылдың жазында Ресейден Жітіқараға келген екен. Ол сол жерде бұзақылық, тонау, меншікті иемдену бойынша бірнеше қылмыс жасап үлгерген.

Қостанай облысындағы 3 қаңғыбастың өліміне 14 жастағы жасөспірімдердің қатысы бар
фото: ашық дереккөз

Осы қылмысты ұйымдастырған азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жасөспірімдердің бірін бұрын қылмыс жасамағанын, өзге біреудің ықпалында кеткенін ескеріп, 7 жылға соттады. Ал үшінші адам кісі өліміне қатысы болмағандықтан, шартты түрде 3 жылға сотталды. Бірақ оның басқа да жасаған қылмыстары бар екен. Үкім заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлады paryz.kz, NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

Сотталушы Ч. есімді азамат 2019 жылдың жазында Ресейден Жітіқараға келген екен. Ол сол жерде бұзақылық, тонау, меншікті иемдену бойынша бірнеше қылмыс жасап үлгерген. Сол қылмысына 14 жастағы екі жасөспірімді тартқан. Оның бірі – інісінің баласы еді.

"Олардың бұл достығы адам өлімімен байланысты еді. Оның екеуін әдейі өлтірсе, үшіншісі абайсызда болған. Алғашқы қылмыста Ч. есімді азамат адамды өзі өлтіреді. Ал екіншіде қылмысты ұйымдастырушы болған. Ол жасөспірімді араққа тойыдырып, қолына пышақ ұстатып, оны жерде жатқан қаңғыбасқа салып ал деп бұйырған. Айта кетсек, олар сол қаңғыбасты оқиға алдында ғана соққыға жығып тастаған болатын. Қаза тапқандардың бәрі – тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Негізі ер адам бұған дейін де адам өліміне әкелген ауыр дене жарақатын салғаны және кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқықбұзушылық жасауға итермелегені үшін Ресейде бірнеше рет сотталған.

Айыпталушылардың кінәсі айтылған сөздері және жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары, қылмыстық істің материалдары, соның ішінде әртүрлі сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді.