Жаңаөзенде 22 жастағы Әйгерім Ыланбаева із-түзсіз жоғалып кетті. Бойжеткен 7 қазан кешке белгісіз бағытта үйден шығып, оралмаған, - деп хабарлайды paryz ақпараттық агенттігі "Лада" басылымына сілтеме жасап.
Жоғалған қыздың туыстарының айтуынша, Әйгерім кешірім сұрап хат қалдырған. Қыздың отбасы полицияға арызданған. Полицейлер жоғалған қызды іздеуге кірісті.
Әйгерім Ыланбаеваның жүрген жері туралы мәлімет білсеңіздер мына телефондарға хабарласыңыздар: +7 701 923 2323, +7 708 729 3708.