Қарағандыда анасы мен кішкентай қызы орман маңынан өлі табылды. Бұл туралы Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Ведомство мәліметінше, 24 қыркүйекте күндіз Қарағанды іргесіндегі Ақтас ауылы маңындағы орманнан екі адамның шіріген денесі табылған.
"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабының 2 және 3-бөлігі "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" және "Дәрменсіз күйде екені белгілі адамды өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді облыстың ПД баспасөз қызметі.