Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Екібастұзда ер адам ажырасайын деп жатқан әйелінің пәтерінe өрт қойған

Екібастұз қаласының 44 жастағы тұрғыны таңғы сағат 5-те жұбайының пәтерінің балконын өртеп жіберген, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.

Екібастұзда ер адам ажырасайын деп жатқан әйелінің пәтерінe өрт қойған
Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

"24 қыркүйек күні сағат 05.00-де 38 жастағы азаматтың пәтерінің балконында өрт шығып, мүлкі бүлінген. Өртті Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері сөндірді", – деп түсіндірді полицияда.

Белгілі болғандай, бұл қылмысқа барған пәтер иесінің 44 жастағы жұбайы болып шыққан. Ерлі-зайыптылар 2020 жылдың желтоқсанынан некеде екен, ал қазір ажырасу үстінде.

Іс бойынша тексеру басталған. Полицияда оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде процессуалдық шешім қабылданатыны хабарланды.