Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Түркістан облысында төбелес кезінде оныншы сынып оқушысы қаза тапы

Кентау маңындағы төбелесте жасөспірім қаза тапты. Аталған факті бойынша Түркістан облысының полицейлері сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Түркістан облысында төбелес кезінде оныншы сынып оқушысы қаза тапы
Фото: видеодан скриншот

Полиция департаментінің кезекші бөліміне Кентау қаласының маңындағы ауылдардың бірінен пышақ жарақатын алған жас жігіттің денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

Оның 10-сынып оқушысы екені анықталды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері мен Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығы, сондай-ақ прокуратура өкілдері шықты.

Ведомство мәліметінше, түн ортасында екі ауылдың кәмелетке толмаған тұрғындары арасында тұрмыстық негізде жанжал туындаған. Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәлардан жауап алған. Нәтижесінде күдікті ретінде көрші ауылдың тұрғыны анықталып, қолға түсті. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар жанжалдың қалған қатысушыларын ұстау жұмыстары ұйымдастырылып жатыр

. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/1987959-turkistan-oblysynda-tobeles-kezinde-onynsy-synyp-oqusysy-qaza-tapty/