Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Сарыағашта мектеп оқушысын көрші ауылдың тұрғыны зорлаған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында мектеп оқушысына көрші ауылдың тұрғыны зорлық-зомбылық көрсеткен.

Сарыағашта мектеп оқушысын көрші ауылдың тұрғыны зорлаған
Фото: ашық дереккөзі

Түркістан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 12 қыркүйекте Сарыағаш ауданы полициясына жергілікті тұрғын арызданған.

Әйелдің айтуынша, оның кәмелет жасына толмаған ұлына көрші ауылдың тұрғыны зорлық-зомбылық көрсеткен.

Оқиға орнына Сарыағаш ауданы полиция бөлімі басшылығы, жедел-тергеу тобы, сондай-ақ прокуратура өкілдері барды. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 121-бабы «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркелді, - деп хабарлады полиция.

Жедел-іздестіру шарасы кезінде полиция күдіктінің жеке басын анықтап, жас жігітті ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ полиция департаменті қылмыстық іс бойынша тергеу Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін хабарлады.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы бұл жағдайға байланысты пікір білдірді. Басқарманың хабарлауынша, Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі мән-жайды анықтау жұмыстарына кірісті.

Оқушы Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде оқитыны белгілі болды. Ол сабаққа 09:00-14:00-ге дейінгі аралықта барады. Оқиға мектептен тыс уақытта болған. Мектеп қабырғасында немесе сабақ уақытында болмаған. Қазір мамандар жергілікті полиция бөлімімен бірлесе жұмыс атқарып жатыр, - деп хабарлады басқарма.

Қазір жәбірленуші өзінің үйінде, оны мектеп психологтары бақылауға алған.