Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Павлодар тұрғыны 4 жасар қызын, жүкті әйелін және енесін ұрып-соққан

Павлодарда 42 жастағы жүкті әйел полиция бөліміне хабарласып, өзіне бірге тұратын азаматтың қол көтергенін айтқан. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Павлодар тұрғыны 4 жасар қызын, жүкті әйелін және енесін ұрып-соққан
Фото: pixabay.com

Бұл жайлы өңірлік полиция департаменті Instagram парақшасында жариялады, деп жазады Paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Тұрғынның айтуынша, ер адам үйіне алкогольді ішімдік ішіп келген. Ол алдымен өзінің жүкті әйеліне қол көтерген. Содан соң жарының анасына да қол жұмсап, салдарынан ол басын ваннаға ұрып алған.

Ведомство мәліметінше, ер адам мұнымен тоқтамаған. Ол өзінің 4 жасар өгей қызын жоғары көтеріп тұрып, жерге тастай салған. Салдарынан қыз басын еденге соғып, ауруханаға жеткізілген. Осыдан кейін әйел полиция шақырады.

Ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Қазіргі уақытта күдікті қамауда", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.