Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақмола облысында ер адам әріптесін өлтіріп, мәйітті бетонмен тегістеп тастаған

Ақмола облысында ер адам бес жыл бұрын әріптесін өлтіріп, мәйітті салынып жатқан үйдің қабырғасына қойып, үстіне бетон құйып кеткен, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Ақмола облысында ер адам әріптесін өлтіріп, мәйітті бетонмен тегістеп тастаған
Фото: ашық дереккөзі

Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 3 қыркүйекте Атбасар қаласының 53 жастағы тұрғыны полицияға келіп, 2017 жылдың шілдесінде Талапкер ауылында 49 жастағы ер адамды өлтіргенін мойындаған.

«Ол бірге жұмыс істеген әріптесін өлтіріп, оның денесін өздері салып жатқан үйдің ішінде бетондап тастаған. Ер адам танысын сөзге келіп қалғандықтан өлтіргенін айтып, мәйіттің жатқан жерін көрсетті. Тергеу барысында марқұмның сүйегі табылды», - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ведомствода атап өткендей, оқиға орнынан заттай айғақ – зілбалға тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.