Олар 30 және 31 жастағы жолаушы және әуежайдың тамақтандыру қызметтерінің бірінің бармені болып шықты.
Алматы әуежайының күту залында екі ер адам арасында төбелес шықты, деп хабарлады paryz.kz.
Facebook-те екі ер адам арасындағы жанжалдың видеосы кең тарап кетті. Алматы әуежайындағы Полиция департаменті бұл оқиғаның 23 қарашада болғанын хабарлады.
"Алматы әуежайындағы полиция бөліміне "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ қауіпсіздік инспекторынан әуежайдың күту залында екі ер адам арасында төбелес болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру кезінде көлік полициясы оқиғаға қатысушылардың кім екенін анықтады. Олар 30 және 31 жастағы жолаушы және әуежайдың тамақтандыру қызметтерінің бірінің бармені болып шықты", - делінген хабарламада.
Алматы-Ақтау рейсі жолаушысының күту залындағы бар креслоларында ұйықтап қалғаны анықталды. Бармен ұйықтап жатқан жолаушыны оята бастағанда, ол қарсылық танытып, балағат сөздер айтады. Қақтығыс төбелеске ұласты. Күту бөлмесінде отырған және жанжалдың куәгерлері болған жолаушылар көмекке келген. Олар екі ер адамды әрең ажыратып алған.
Кейінірек, яғни бүгін 00.11-де мекеменің иесі мен бармені полицияға жолаушыға қатысты оны құқық бұзушылық үшін жауапқа тарту туралы арыз жазды. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жолаушыға жеңіл алкогольдік масаңдық диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.