Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматыда полицейлер дәретханада жатқан жаңа туған нәрестені құтқарып қалды (видео)

Алматыда полицейлер дәретхана шұңқырында жатқан нәрестені құтқарып қалды. Анықталғандай 17 жастағы бойжеткен дәретханада түсік тастаған, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz  басылымына сілтеме жасап.  

Алматыда полицейлер дәретханада жатқан жаңа туған нәрестені құтқарып қалды (видео)
Фото: ашық дереккөзі

Оқиға 24 тамызда Түрксіб ауданында болған. Полицейлердің сөзінше, түнгі 02:00 шамасында кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағандығы туралы қоңырау келіп түскен. Бойжеткен қаладағы ауруханалардың біріне жатқызылған. 

“Дәрігерлермен сөйлескеннен кейін мен оқиға орнына барып, тексеруді жөн көрдім. Басыма “бала қайда?” деген сұрақ келді. Қыздың анасынан оқиға орын алғанға дейін оның сырттағы дәретханада біраз уақыт болғанын білдім. Дәретхана ішінен қан іздерін тауып, ішінде жатқан баланы көрдім. Ол дем алып жатты. Осы кезде тергеу-жедел тобы келді, оның құрамында криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Ғазиз Хамасқалиев болды. Біз дәретхананың еденінен тақталарды тез алып тастадық.  Әріптесім Ғазиз төмен түсіп, баланы қызметтік көйлегіне орап, абайлап шығарып алды. Сол кезде нәресте жылады. Бәріміз мазасыз күйде едік, уайымдадық. Баланы тез арада дәрігерлерге тапсырдық”, – деді Түрксіб аудандық ПБ-ның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы Нұржан Шатунов.

Бала қазір жансақтау бөліміне жатқызылған. Полицейдің айтуынша, нәресте өздігінен дем алып жатыр.

“Бұл жаңалыққа баланы құтқаруға қатысқан барлық әріптестерім қатты қуанды. Демек бала өмір сүреді. Ол туылғаннан бері өз өмірі үшін күресті. Оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Бақытты болып өсе берсін. Мен үш ұлдың әкесімін. Сондықтан бұл оқиға мені бей-жай қалдырмады. Біз өз әріптестерімізбен бірге құтқарылған нәрестенің тағдырын міндетті түрде қадағалаймыз және мүмкіндігінше оған қатысатын боламыз”, – деп қосты Шатунов.

17 жастағы жасөспірімнің анасының айтуынша, ол қызының жүкті болғанын білмеген. Қазір аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде тергеу амалдарын басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.